Қазақстанда
судьялар енді жасанды интеллекттің көмегімен іріктеледі. Жаңа ақпараттық
жүйенің арқасында үміткерлер байқаудың барлық кезеңдерінен онлайн түрде өте
алады. Бұл үдерістің жеделдігі мен ашықтығын арттырады. Заманауи жүеймен
іріктеу уақыты екі есе қысқарып, бұрынғыдай екі емес бір айдың ішінде
жүргізіледі. Үміткерлер барлық қажетті құжаттар мен біліктілік емтихандарын электронды
жеке кабинеті арқылы тапсырып, нәтижесін елдің кез келген жерінен қашықтан бақылау
мүмкіндігіне ие болады. Айта кетейік, заманауи
цифрлық инфрақұрылым Жоғары Сот Кеңесіне ендірілуде. Жүйеде үміткерлердің
барлық деректері сақталады. Яғни, байқауға
қайта қатысқан жағдайда құжаттарды қайта жинаудың қажеті болмайды. Сондай-ақ,
цифрлық жүйе Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына іріктеу үшін
де қолданылады. Осылайша, бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптасады.
Евгений Недельский, Жоғары сот кеңесі аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары:
- Автоматтандыру мен АІ-шешімдерін пайдаланудың арқасында адами факторды толығымен
жоямыз. Заманауи жүйе үміткердің кәсіби қасиеттерімен қатар, оның туыстық байланыстарын және түрлі
келеңсіз жағдайларға қатыстығын толық тексеріп шығады. Бұл іріктеуді ашық әрі
жедел өткізуге мүмкіндік береді. Әрбір кандидат барлық қадамды онлайн бақылай
алады. Яғни, бұл цифрлық инфрақұрылымды дамыту - Мемлекет басшысы жүктеген мақсаттарға
толығымен сәйкес келеді.

