АХҚО – да алғашқы биржалық ноталар айналымға шықты. Бұл халықаралық биржаларда тіркелген құнды қағаздар негізінде құрылған исламдық қаржыландырудың жаңа өнімі. Яғни, шариғат талаптарына сай инвистициялаудың кезекті бір құралы. Тұғырнама исламдық қағидаттарды ұстанатын 350-ден астам халықаралық компанияның акциясын біріктіреді. Олар әлемнің 20-дан астам елінде айналымда болады. Бұл ең алдымен инвесторға құйған қаржысын әртараптандыру тәуекелін төмендетудің тиімді тәсілі дейді, сала мамандары.
Мадина Тукулова, АХҚО исламдық қаржы және бизнес хабының басшысы:
– Бұл алғашқы бөлшек құрал. Астана халықаралық қаржы орталығы биржасының «Табыс» косымшасын қолданушылары шариғат талаптарына сай келетін ETN исламдық құралын пайдалана алады. Бұл құрал несімен тиімді? Акциялар біріккен соң арзанырақ болады. Сәйкесінше, Қазақстан азаматтарына бұл құралдарды сатып алу мүмкіндігі арта түсті.