Отандық энергетика индустриясының соңғы жетістіктері мен озық үлгідегі жасыл жобалар. Саланы цифрландырып, инвестициялық тартымдылығын арттыру. Елордада Қазақстанның энергетикалық апталығы басталды. Биыл XV KAZENERGY Еуразиялық форумы асясында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің сарапшылары бас қосады. ТМД аумағында энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыға түседі. Сондай-ақ, жиын тарихында алғаш рет осы бағыттағы Қазақстан әріптестерінің күндері өтеді. Орталық Азиядағы ең ірі энергетикалық шара ауқымы кеңейіп келеді. Биыл жиынға 30-дан астам әлем елдерінің сала мамандары мен 2 мыңға тарта делегат қатысып жатыр. Дәстүрлі іс- шарада әдеттегідей жер қойнауын игеруге қатысты оңай емес істе нәзік жандылардың үлесі де назарсыз қалмады. Биыл әйелдер энергетикалық клубының 10-шы мерейтойлық форумы ұйымдастырылды.
Ләззат
Рамазанова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасының
орынбасары:
-Бүгінгі таңда
энергетика саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің үлесі 40 пайыздан
асты. Ал енді билік шыңында шешім қабылдау орындарында қызмет етіп жатқан
қыздардың қатары 30 пайызға жетті. Бүгінгі таңда үлкен мекемелерден бұрын шағын
кәсіпорындар да цифрлық салаға көшіп жатыр. Бұл жерде бәсекеден тыс қалмау
керек. Қыз келіншектер осы энергетикалық клуб аясында өзімен бірге жүрген
құрбы-құрдастарымен бірігіп заманына сай білім мен кәсіби жетістіктерді көрсете
білу керек деген ойдамын.