Әлихан Смайылов CNPC вице-президентімен кездесу өткізді 

Әлихан Смайылов CNPC вице-президентімен кездесу өткізді 

Аталмыш компания Қазақстанның осы саладағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде ел аумағында 25 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келетінін айта кеткен жөн. Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі екі жақты тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін жеткізді. Ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласында бірлесе жүзеге асқан жобалар тараптар арасында сенімді серіктестік қатынас орнатуға негіз болды. Өз кезегінде Хуан Юнчжан тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болған бұған дейін де бірқатар бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, CNPC басшысы елімізде қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.