Ұлттық музей қоры Абай Құнанбайұлына қатысты құнды
жәдігермен толықты. Ұлы ойшыл талай мәрте шай ішкен самауырынды Абай атындағы
халықаралық мәдениет пен қолдау қоры музейге табыстады. Жәдігер 1893 жылы Тулада
жасалған. Абай ғана емес оның айналысындағы Шәкәрім бастаған оқыған, тоқыған
қазақ қауымы да осы самаурынның шайын
ішкен дейді зерттеушілер. Семейдің
байырғы көпесі Бекбай Баисовтың үйін бұзған кезде табылған көне бұйымды тарихшы
Айтқали Қыстаубаев жазбай
танып, алып қалған. Құнды жәдігерді ғалымның ұрпағы бүгінге дейін көздің
қарашығындай келіпті.
Ермек Бисембаев, Абай атындағы халықаралық мәдениет пен
қолдау қорының құрылтайшысы:
- Әкем әкеліп сол 1980-ші жылдары рестоврациясын жасады.
Осыдан 10 жыл бұрын соңғы рестоврацияны әкем Ресейдің ұстасы Кубринді тауып
жасатып қойған болатын. Осы самовар елге қайту керек деп Аманат қалдырып
кеткен. Сол аманаты бүгін орындалып жатыр.
Осылайша Ұлтық музейдегі Абаймен байланысты жәдігерлер саны
43-ке жетті. Көпшілігі ойшылдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары мен
тұрмыста қолданған жеке заттарының түпнұсқалары.