Қазақ тілі - халықаралық байланыс тілі болуы мүмкін

Оңтүстік Корея студенттері қазақ тілін белсенді түрде үйреніп жатыр. Лингвистика мен қазақтану бойынша алғаш дәрістер Хангук шет тілдер университетінде 2004 жылы оқытыла бастаған. Биыл Орта Азия кафедрасы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Абайдың тілін үйренгісі келетіндердің ішінде болашақ дипломаттар, аудармашылар, бірлескен қазақ-корей кәсіпорындарының қызметкерлері бар. Жоғарғы оқу орнының доценті – Чу Ён Миннің өзі де кезінде кафедра студенті болған. Қазақ тілі мен грамматикасын жылдам меңгерген ол бүгінде өзі де студенттерге тіл үйретіп келеді.


¤

Чу Ён Мин, Хангук шет тілдер университетінің оқытушысы:

– Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан туралы бір мақаланы оқыдым. Сол мақаланы оқығанда, Қазақстанда бар нәрсе Кореяда жоқ, Кореяда бар нәрсе Қазақстанда жоқ деген ақпаратты көзім шалып қалды.  Содан, екі елді жақындатуға бел будым.  Сондықтан соның арасына екі елді қосатын көпір бола аламын ба деген оймен қазақ тілін үйрене бастадым.