Қазақстан Президентінің Францияға мемлекеттік сапары жалғасуда. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен елге келді. Париж әуежайында Президентті Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды. Бүгін Мемлекет басшысы Францияның мемлекет басшысы Эмануэль Макронмен және бизнесмендермен кездеседі деп жоспарлануда. Елисей сарайындағы келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірқатар мәселелерді талқылайды.