Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Мұхаммед бен Салман Әл Саудты«EXPO-2030» халықаралық көрмесін Рияд қаласында өткізуге қатысты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Айтулы шараны өткізуші ретінде таңдалуы Корольдіктің жаһандық деңгейдегі мәртебесін тағы да дәлелдейді, делінген жеделхатта. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Сауд Арабиясымен тығыз ынтымақтастықтың жылдан-жылға нығая түсетінін атап өтіп, екі елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында әлеуеті жоғары қарым-қатынастарды халық игілігі үшін одан әрі дамыта түсетініне сенім білдірді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?