Қ.Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдады

Қ.Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдады. Мемлекет басшысы Ясутоши Нишимураны аталған лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасы, парламентаралық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды. Президент Жапония еліміздің Азиядағы негізгі әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы былтыр Токиоға жасаған ресми сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. Сондай-ақ кеңейтілген стратегиялық ықпалдастықты тереңдетуге айрықша мән беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Жапония көшбасшыларының алдағы саммиті келесі жылы Астанада өтетінін еске салып, оған дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді. Кездесу соңында Президент Ясутоши Нишимураны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?