Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады

Астанада өткен Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам да барды. Аталған шарадан кейін ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне бет бұрды.

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Бас хатшы То Лам сәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?