Орталық Азияның әлемдегі стратегиялық рөлі мен ықпалы
нығайып келеді. Бұған жарқын мысал Сауд Арабиясында өткен «Орталық Азия + форматындағы
саммиті. Аймақ елдері мен Шығанақтағы араб мемлекеттері басшыларының бірінші
кездесуі тараптар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, ынтамақтастықтың жаңа
белдеуін ашуға мүмкіндік берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ең
алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту маңызды. Өз кезегінде Қазақстан
қысқа мерзімде құны 400 миллион доллар болатын тауар экспорттауға дайын. Президент инвестициялық ынтымақтастықты
жандандыру мәселесін екінші басым бағыт ретінде атады. Бұл ретте еліміз «Астана» халықаралық қаржы орталығының
мүмкіндіктерін ұсынады. Сондай-ақ Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік
дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді. 2030 жылға қарай жыл сайын 500 мың
контейнерге дейін жүк жеткізу көзделген. Орталық Азия мемлекеттері табиғи
қазбаларға бай. Аймақта 30 миллиард тоннадан астам барланған мұнай қоры және 20
триллион текше метрден астам газ қоры бар. Осыған орай энергетика саласы
тараптар үшін ынтымақтастың негізгі саласы болып қала бермек. Сондай-ақ
Қазақстан Араб елдеріне ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттау көлемін ұлғайтуға,
аймақаралық туризмді белсенді дамытуға мүдделі.