Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
«Ибрахим Раиси – Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін риясыз арнаған көрнекті мемлекет қайраткері», - деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ, Президент қазақстандықтардың Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтынын жазған.