Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының
құрылғанына 70 жыл толуына орай өңір тұрғындары мен ғарыш саласы қызметкерлері және
ардагерлерді құттықтады. 1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер
серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Кейін 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне
аттанды. Президент біздің қаһарман ұлдарымыз Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев
және Айдын Айымбетов те осы арадан космосқа аттанғанын атап өтті. Соңғы
онжылдықтарда Қазақстан ұлттық экономиканың дамуына ықпал ететін бірқатар
ауқымды ғарыш жобаларын іске асырды. Еліміз Байқоңырды халықаралық ынтымақтастықтың, ғылым мен білімнің және
туризмнің орталығына айналдыруға ұмтылады. Президент ғарыш қызметінің жаңа
нарықтарына шығу, жас инженерлердің, конструкторлар мен ғалымдардың әлеуетін
арттыру жарқын болашаққа жол ашатынын айтты.

