«Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі» деген Қасым-Жомарт Тоқаев, өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстан балалық шақтың ұзақтығы мен қорғалу индексі бойынша 180 елдің ішінде 50-орында тұр.Тәуелсіздік жылдарында еліміз балалардың құқығын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құжаттардың денін ратификациялады. Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың құқықтары жазылған заңдар мен жарлықтар қабылданды. Елімізде балаларды қорғау күнін жарқын мерекемен атап өту мызғымас дәстүрге айналған. Мәселен, бүгін республиканың барлық аймағында «Балалар игілігі үшін» республикалық акциясы аясында 1000-нан астам түрлі шаралар мен қайырымдылық акциялары, челлендждер өтіп жатыр.