Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметінше, жоба Алтай-Саян экоаймағындағы қазақстандық бөлігінде сирек кездесетін жануарлар тобын сақтау үшін ойластырылған. Экспедиция барысында зоологтар мен инспекторлар қар барысы мекен етуі мүмкін жерлерге фототұзақтар орнатады, сондай-ақ бұрын орнатылған камераларды тексереді. Сонымен қатар сарапшылар ілбістің биологиялық материалын жинауға да ниетті, бұл оларға молекулярлық-генетикалық талдау жүргізіп, жынысын, санын, ДНҚ мәліметтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Катонқарағай ұлттық саябағын үштен алтыға дейін түз тағысы мекендейді.