Ислам ұйымының жанынан аграрлық академиялар қауымдастығы құрылды

Ислам ұйымының жанынан аграрлық академиялар қауымдастығы құрылды

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының жанынан аграрлық ғылым академияларының қауымдастығы құрылды. Оның алғашқы мүшелері болып Қазақстан мен Тәжікстан тіркелді. Елордада өтіп жатқан халықаралық агро-биотехнологиялар форумының барысында тараптар ынтымақтастық жөніндегі  үш жақты меморандумға қол қойды. Бұдан былай жаңа бірлестік мүшелері ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыда бірге дамытуға уағдаласты. Яғни, өзара мал және егін шаруашылықтарының кәдесіне жарайтын заманауи әдістерді саралап, тәжірибе бөліседі. Мәселен,  қазақтың ақ бас сыйырлары мен Еділбей қойларын Тәжікстанның таулы аймақтарына, ал гиссарлық ешкілерді біздің далаларға бейімдеу көзделіп отыр. Әріптестік төрт түліктің асыл тұқымдарын алмасумен шектелмейді.  

Ерлан Байдаулет, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры:

- Тәжік елінде тек 7% қана жері таулы аймақта емес. Ол Ферғана жерінде орналасқан. Сол аумақтан арнайы жер бөліп Тәжікстан ғалымдары біздің қатысуымызбен қазақстандық бидай түрлерін өндіруге тырысады. Өзімізде Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымның бірнеше бағдарламалары бар.                        Сол стратегиялық бағдарламалардың бірі осы бидай мәселесін дамыту. Оғ                                                                                                                      ан бар күшімізді саламыз. Осылай нақты істерді бастасақ деп ойлаймыз.

Тілектес Есполов, ҚР ауыл шаруашылық ғылыми академиясының президенті:

- Біз нақты егіншілік саласында, мал шаруашылығында  генетикалық рессурстармен жұмыс жасап, Қазақстанда генетика банкін құруымыз керек, яғни оларды сақтайтын генетикалық қор құруымыз керек.  Осы бүгінге дейін жасалған біздің генетикалық қорымыздың бәрі болашаққа сақталуы керек. Бізде осы жағынан жасалып жатқан көптеген жұмыстарымыз бар.