2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды

2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды

Қазақстанда 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды. Осы мақсатқа 700 миллиард теңге қарастырылған. Олардың 560-ға жуығы нарықтық көздерден тартылады. Сондай-ақ, елімізде жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды. Бұдан басқа, 684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 82 млрд теңгеге өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды. Олардың 176-сы жұмысқа қабылданды. Қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, несилеік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорация арқылы қолжетімді. Үкіметте атап өткендей, қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына дейін басталды. Бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?