Сарапшы: Конституциялық реформа Қазақстанның демократиялық жолын айғақтайды

Сарапшы: Конституциялық реформа Қазақстанның демократиялық жолын айғақтайды

Қазақстандағы конституциялық реформа шетелдік мамандар арасында қызу талқыланып келеді. Сарапшылар Референдум өткізу шешімін елдің демократиялық жолын айғақтайтын маңызды қадам деп отыр. Әзербайжандық саясаттанушы Орхан Йолчуев Қазақстанның соңғы жылдары бірнеше реформалар кешенін сәтті атқарып, ішкі саясатпен қатар әлемдік аренада табысқа жеткенін айтады. Бұл шешімі арқылы Қазақстан Еуропа мен Қытайды жалғап тұрған «алтын көпір» әрі Орталық Азиядағы көшбасшы ел екенін тағы бір мәрте дәлелдеді деді сарапшы. Еліміз өңірдегі жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамын өндіреді. Сарапшы Конституцияға елеулі өзгеріс енгізу - мемлекетті жаңғыртудың қисынды жалғасы екеніне сенімді. Әсіресе, заңнамалық органдардың жұмысын жаңа форматқа көшірудің өзектілігі айқын.


Орхан Йолчуев, STEM талдау орталығының директоры, Әзербайжан:

- Қазіргі жағдайда қос палаталы жүйе белгілі бір деңгейде тым күрделі, ауыр механизмге айналды. Кез келген шешімді бекіту екі кезеңнен өтетін. Яғни, әрбір заң жобасын қарау процесі шамадан тыс ұзаққа созылатын. Бүгінгі күні әлдеқайда жедел жұмыс істеп, шешімдерді де тезірек қабылдау қажет екені анық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?