«Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру». Твиттер парақшасында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондай-ақ ол қызметкерлерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеді. Олардың негізгі қағидаттары – адалдық, кәсібилік, құзіреттілік, ашықтық болуы тиіс екенін баса айтты. Еске салайық, мемлекеттік қызметші күнін 2003-ші жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы кәсіби мереке деп бекіткен.
«Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін!».