Бразилияда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктеріндегі деректерді зерттеу басталды. Тергеу тобында Қазақстан, Әзербайжан және Ресей сарапшылары бар. Евроньюстің хабарлауынша, авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы апат себебін анықтау үшін компьютерлік графикалар арқылы ұшақтың виртуалды нұсқасын жасайды. Борттық өздігінен жазғыштарды оқуды қамтамасыз етіп, әуе кемесінің ұшу траекториясы мен жылдамдығы дәл анықталады. Зерттеу қорытындылары ИКАО Конвенциясына сәйкес тергеуді басқаратын Қазақстан мемлекеті билігіне беріледі.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

