Шет елдерде қазақстанның мемлекеттік қызметтері онлайн түрде қолжетімді. Сырт мемлекеттерде жүрген қазақстандықтар eGov.kz порталынан 5 түрлі жаңа қызметті ала алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық алдындағы есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір әлемнің 23 елінде жүрген отандастарымыз неке қиюға немесе бұзуға, тууды, қайтыс болуды және атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге қатысты құжаттарды портал арқылы бере алады.
Алдағы уақытта елдер тізімі кеңейе түспек. Ведомства басшысы енді бізде бизнес ашуды көздейтін шетелдік азаматтар үшін Қазақстанға келудің қажеті жоқтығын мәлімдеді.
Бағдат Мусин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Шетелдегі біздің елшіліктерімізге шетелдік азаматтар келіп өздерінің паспорттарын көрсетіп ИИН жеке сандық номерін ала алады. Және сол ИИН арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алады. Сол электронды цифрлық қолтаңба арқасында Қазақстанға келмей-ақ өзінің кәсіпкерлігін ашуға болады. Ол дегеніміз инвестициялық климатты әрі қарай дамыту.
Бұған қоса «eGov Mobile» қосымшасында цифрлық құжаттардың 15 түрі бар. Үйден шықпай-ақ, банктердің мобильді қосымшалары арқылы қызметтерді алу үшін екінші деңгейлі банктермен цифрлық құжаттар сервисінің интеграциясы іске асырылып жатыр.