Қатарынан 12
композиция – алдымен өлеңдер, одан соң әндер. Барлығы бір демде, тоқтаусыз.
Концерт бойы сахна төрінде бір солист. Шахимардан Әбілов моноопера форматын кездейсоқ таңдаған жоқ.
Айтуынша, ұлы Абай шығармаларының драматургиясы мен терең мағынасын
көрермендерге осылай ғана жеткізуге болады.
Шахимардан
Әбілов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Бір адамға Абайдың сөзінен жанына,
жүрегіне, санасына қуат берсем, ол менің бақытым. Бұл қырық жыл бойы аңсап келе жатқан
программам еді. Монооперада деген секілді.
Шахимардан
Әбіловтің шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Ол
500-ден астам ария, романс пен әннің авторы.
Бұндай
форматтағы концерт инновациялық шығармашылық орталығында алғаш рет өткізіліп
отыр. «Мақсат – оқушылардың әдебиет пен ұлттық мәдениетке қызығушылығын
арттыру» дейді ұйымдастырушылар.
Манас Тайкенов Инновациялық
шығармашылық орталығының кураторы:
- Абай Құнанбаев атамыздың шығармаларынан
бұлардың әрбір шығарма өлеңдерінде қаншама мән-мағына жатыр жастарға үлгі
болатындай. Оны әдеби кеш, өлең, монолог ретінде халыққа жеткізу барысын
өткізіп отырмыз.
Айта кетсек,
орталықта балаларды жан-жақты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда апта
сайын 5000-ға жуық бала келеді.