Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Садыр Жапаровтың екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттер екіжақты ықпалдастықтың даму қарқынын атап өтіп, соның ішінде Садыр Жапаровтың биыл сәуір айында Қазақстанға ресми сапарының аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

