Қазақстан Кипрмен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев осы республиканың Сыртқы істер министрімен кездесу барысында айтты. Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Бұл қадам 30 жылдан астам уақыт бойы орнаған берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді.
Өз кезегінде Константинос Комбос қос тарап арасындағы әріптестікті нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.