Кеңестің Ыстамбұлда ашылған алғашқы жиынына мүше мемлекеттердің ақсақалдары қатысуда. Алқалы жиын барысында түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған «Түркі әлемінің келешегі-2040» тұжырымдамалық құжатын іске асыру барысы талқыланды. Кеңестің Қазақстан атынан мүшесі Икрам Адырбеков Түркістан қаласында «TURAN» Арнайы экономикалық аймағын құру туралы ұсыныс тастады.
Икрам Адырбеков, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі:
- Мемлекет басшыларының шешімімен ақсақалдар кеңесі бүгінгі күні жұмысын жандандырып отыр. Ыстамбұлда кеңестің 12-ші сессиясы өтуде. Мұндағы негізгі мақсат – саммитте қабылданған құжаттардың орындалу барысы және жұмыстарымен танысу, сол бойынша ұсыныстар енгізу. Оның ішінде Түркістанды түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде дамыту, түркі әлеміне таныстыру, осы бағытта нәтижелі жұмыстар атқару.