Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан гимнастика федерациясының басшысымен елімізде
көркем гимнастиканы даму әлеуетін талқылады. Президент Әлия Юсупованы лауазымына
қайта сайлануымен құттықтады. Кездесу барысында федерация жетекшісі бірқатар
ұсынысын жеткізді. Мәселен, балаларды бұл спорт түріне ерте жастан баулу үшін
кешенді жұмыс атқару қажеттігін тілге тиек етті. Мемлекет басшысы сала
инфрақұрылымын дамыту және бапкерлер даярлау ісінде ҚР Туризм және спорт
министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты.

