Президент Ішкі істер министрін қабылдады. Ержан Сәденов Мемлекет басшысына еліміздегі
криминогендік жағдай туралы ақпарат берді. Министрдің айтуынша, жыл басынан
бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Осылайша, қылмыстық құқықбұзушылық – 5,5
мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған. Бұдан бөлек елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын
іске асыру, құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік», ұйымдасқан, кибер және
есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде
шаралар жүргізілуде. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық
тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар
тапсырма берді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

