Қ. Тоқаев FIP басшылығымен Қазақстанда падел спорт түрін дамыту әлеуетін талқылады

Қ. Тоқаев FIP басшылығымен Қазақстанда падел спорт түрін дамыту әлеуетін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанда осы спорт түрін дамыту әлеуеті талқыланды. Бүгінде елімізде 16 облыста өңірлік федерация құрылды, 17 корт бар. 2027-ші жылы Алматыда халықаралық стандартқа сай 10 алаңы бар спорт кешенін ашу жоспарланған. Орталық Азиядағы заманауи спорт нысандарының біріне айналатын аренада Premier Padel деңгейіндегі турнирлерді ұйымдастыруға болады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?