О.Бектенов: Мемлекет аграрлық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетеді

О.Бектенов: Мемлекет аграрлық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетеді

Ауыл шаруашылығы саласына берілетін жеңілдетілген несие көлемі 700 млрд теңгеге жетті. Қазақстан Премьер-Министрі агроөндірістік кешен тауарларын өндірушілермен кездесті. Басқосуда шаруаларды қолдау тетіктері мен көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды. Жиында алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімін екі есе өндірудің келешегі қаралды. Бұл - Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда жүктеген міндеттерінің бірі. Көктемгі дала жұмытарынан бастап, орақ науқанына дейін кәсіпкерлерді қолдау шаралары күшейтіледі. Мәселен, ауыл шаруашылығы техникасына лизинг көлемі 200 млрд теңгеге көтерілді. Қаржы 5 пайызбен беріледі. Бұл рете техниканың өзі кепілдік мүлкі бола алады. Инвестициялық субсидия жарна ретінде пайдаланылады. Осы қолдау тетіктерін бордақылау алаңдарына да енгізу пысықталып жатыр. Тиісті министрлік селекциялық асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау жүйесін де қайта қарауды жоспарлап отыр.   

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Президент Ауыл шаруашылы саласына ерекше көңіл бөліну қажеттігін жиі айтады. Бұл – ең әуелі азық-түлік қауіпсіздігі. Ол қай уақытта болмасын өзінің өзектілігін жоғалтпайды.  Қолданыстағы тетіктердің барлығы жалғасын табады. Нәтижесі жемісті болады деп үміттенеміз. Соңында бәсекеге қабілетті Ауыл шаруашылығы саласын құра аламыз.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бұл - еліміздегі көктемгі егіс және орақ науқанына жеңілдікпен несие берудің жаңа рекорды. Бұған дейін қаржыландыру көлемі 140 млрд теңгеден аспаған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?