Италияда қазақ оюларымен көркемделген киімдер шығарылды

Италияда қазақ оюларымен көркемделген киімдер шығарылды

Еуропада қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген киімдер танымал бола бастады. Қазақстандық дизайнер Витали Ланг өз Отанын сән әлеміне танытып жүр. Яғни, туған жердің кереметін шетелдіктерге сән тілімен жеткізеді. Ерлерге арналған италиялық брендтің негізін қалаушы көшпенді мәдениетінен ерекше шабыт алады. Сол себепті өз топтамасындағы киімдерді киіз үйдің элементтерімен және ұлттық ою-өрнектермен безендірген. Ал олардың бірегейлігін көрсету мақсатында арнайы бейнероликтер Қазақстанның туристік орындарында түсірілген. Италиялық брендті шығарушылардың айтуынша, бұл - елімізді еуропалықтарға танытудың ұтымды жолдарының бірі. Және сән мен саяхатты үйлестіру арқылы шетелден келетін қонақтардың санын арттыруға болады.  

Витали Ланг, Дизайнер: 

- Біздің брендтің басты құндылығы - табиғатпен тығыз байланыс. Сондықтан бірінші топтамамызды Қазақстанға арнауды жөн көрдік. Қазақстанның табиғаты керемет әрі сұлу. Сән индустриясын пайдалана отырып елімізді Еуропаға таныту керекпіз деп шештік. Мысалы, мынау - қошқар мүйіз оюы. Айтпақшы, сәйкестік болар, себебі мына түймелер нағыз мүйізден жасалған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?