Албанияда алғаш рет Қазақстанның мәдениет күндері өтті.
Осыған орай ел астанасы Тиранада концерт ұйымдастырылды. Әуенді де әуезді бағдарламаға қазақ халқының
дәстүрлі музыкалық шығармалары мен
заманауи эстрадалық композициялар кірді. TURAN тобы көшпенділер
мәдениетінің рухын ұлттық аспаптардың үнімен жеткізе білді. Өнерпаздардың шебер
орындауы жергілікті қауымның көңілінен
әбден шықты. Танымал отандық әншілердің бірі ADAM өзінің «Жүрек» хитін шырқады.
Сонымен қатар, бағдарламаға қазақстандық фильмдердің көрсетілімі кірген. Албанияда
Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу екіжақты гуманитарлық байланыстарды
дамытудың жаңа кезеңі және мәдени алмасу мен екі елдің халықтары арасындағы
достықты нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашқанын айта кету керек.

