Ұлттық жоба Азия-Еуропа трафигінің жалпы транзиттік деректерінің 8% өңдей алады. Бұл мақсаттарға 153 млрд теңгеге жуық инвестиция бөлу қарастырылған. Сонымен қатар жеке деректерді қорғауға қаражат бөлу де жоспарда бар. DATA-орталығын құру шеңберінде транскраспийлік талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылуда. Олар 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Негізгі суасты желісі Ақтаудан Сиязаньға дейін созылса, резервтік желі Құрықтан Бузновқа дейін жалғасады. Жобаның алдын ала құны 40 млн долларды құрайды.
Әбілқайыр Болатбаев, ҚР ЦДИАӨМ телекоммуникация комитеті басқармасының басшысы:
- Оптикалық және талшықты-оптикалық байланыс желілері ДАТА орталығымен біріктірілетін болады. Бұндай заманауи байланыс жүйенің маңызы өте зор болмақ. Жоғары деңгейде онлайн режимінде өңделетін деректердің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Яғни, өңделетін деректің бәрі толықтай сақталып, жылдам әрі жоғары сапада тарайды. Бір сөзбен жоғары жылдамдықты желі құрылады.