Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін 180 өндірістік жоба іске қосылады

Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін 180 өндірістік жоба іске қосылады

Қазақстанда жыл соңына дейін 180 өндірістік жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың жалпы инвестициялық құны - 1,4 трлн теңгені құрамақ. Барлығын қоса алғанда толық өндірістік қуат - 1,8 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде. Жаңа өндіріс ошақтары импортты алмастыру және отандық өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатын көздейді. Салалық министрліктің дерегінше, еліміз қара және түсті металдардың ірі әлемдік экспорттаушыларының қатарында. Қазақстан биыл да бұл қарқынынан қайтпай, сыртқа осы өнімдерді тасымалдау көлемін тағы 8% асырған. Бұған қоса, жуырда Қытай және Корея елдерімен стратегиялық минералдар бағытында ынтымақтастық аясын тереңдету үшін өзара түсіністік меморандумдары жасалды. Сондай-ақ, соңғысымен бізде лифт өнеркәсібі үшін сынақ орталығын құру туралы келіссөздер хаттамасына қол қойылды. Салаға инновациялық технологияларды ендіруге бағытталған жоба аясында кәріс елі жеті жарым млн доллар көлемінде грант бөлмек. Отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне де өзгелерден сұраныс жоғары. Саланың экспорты өткен қаңтар-сәуір айларында 70% жуық артқаны тіркелген. Негізінен, Ресей, Түркия және аспан асты елдері импорттайды.