2022 жылы Қазақстан шетелге 6 млн тоннадан астам дәнді және майлы дақыл экспорттаған

Мұндай деректерді energiprom kz порталы келтіріп отыр. Отандық шикізаттың басым бөлігі Өзбекстан еліне жөнелтілді. Бұл ретте көшбасшылардың қатарында Тәжікстан мен Түрікменстан бар. Бұдан бөлек, Иран, Ауғанстан және Италия елдері импорттайды.

Айта кетейік, қазақстандық астықтың экспорты құндық мәнде бір жылда 10%-ке өсті. Биыл қаңтарда дәнді және бұршақты дақылдар мен тұқым шаруашылығы саласына құйылған инвестициялар көлемі 15 млрд теңгені құрады. Капитал салымдарының ең көп бөлігі Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай өңірлеріне бағытталды.