Қазақстан инновациялар деңгейі бойынша елдер рейтингінде 77-орынды иеленді. Зерттеуге барлығы 131 мемлекет қатысқан, деп хабарлайды Ранкинг.кз порталы. Бағалау әр елдің технологиялық дамуын егжей-тегжейлі сипаттайтын 80 түрлі бағытты қамтиды. Осы ретте республикамыздың индексі 28,6 құрағанын атап өткен жөн. Ол көрсеткіштердің екі тобын бағалау сомасы ретінде есептелді. Бұл инновациялар мен қол жеткізілген практикалық нәтижелер үшін ресурстар мен жағдайлар. Біріншісінде Қазақстан рейтингте 131-ден 60-орынды, екіншісінен 94-орынды иеленді. Жалпы республикамыз «Институттар» санатында ең жоғары көрсеткіш көрсетті. Онда бизнес, саяси орта және нормативтік-құқықтық база бағаланды.
Авторы: Ақзер Сегізбай