Қаржы нарығын дамыту, экономика мен сауданың тұрақты түрде өсуінің жаңа жолдары, сондай-ақ әлемнің мегаполистеріндегі смарт-жүйелер мен цифрлық мүмкіндіктер. Бұл – «G-Global – XXI ғасыр әлемі» II халықаралық конгресінің делегаттары талқылайтын басты тақырыптар. Спикерлердің айтуынша, «ақылды» қаланың мысалы ретінде ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласын айтуға болады. Бүгінде мұнда халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болған «Цифрлық сыңар» бірегей жобасы іске асырылып келеді.
Ботагөз Қасабек, Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы:
- Қаланың «цифрлық сыңары» қазіргі уақытта 100% толық цифрландырылған. «Елордадағы цифрлық сыңар» дегеніміз не? Бұл – бірінші кезекте бүкіл қаланы 3D, 2D жүйелері арқылы цифрландыру. Барлық жер учаскесін, инженерлік желіні, жол қозғалысы, құрылыс, сәулет және табиғатпен өзара қарым-қатынасты қамтиды. Қазіргі таңда цифрлық сыңарда 80-нен астам деректің қабаты бар.
Ұйымдастырылған шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «G-Global» халықаралық жобасының 10 жылдығына арналғанын айта кеткен жөн.