Қазақстандық стартаптарға сұраныс артып, әлемдік нарықтарды бағындыруда. Осылайша Astana Hub-тың Global Outsourcer бағдарламасының екінші легінің қорытындысы бойынша 15 отандық IT-компания жалпы құны 335 мың доллар болатын 100-ге жуық экспорттық келісімшартқа қол қойды. Қазақстандық жобаларға 24 әлем елінен тапсырыс түскен. Бұл қатарда АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Австралия бар. Айта кетейік, акселерациялық бағдарлама әлеуетті клиенттерді іздеу бойынша дағдыларды дамытып, онлайн-платформаларда және басқа да нарықтарда төл өнімдерін өткізуге бағытталған.
Әйгерім Алшынбекова, Astana Hub Бизнес-бағдарламалар кеңсесінің бас
менеджері:
- Негізінен бұл фронтэнд, бэкэнд әзірлеу бойынша қызметтер мен жасанды интеллект негізінде құрылған, сондай-ақ google-скрипттер және басқа да заманауи жобалар. Бұл бағдарламаның мақсаты - халықаралық платформалар арқылы 3 ай ішінде алғашқы сатылымға дейін жеткізіп, экспортқа бағдарланған тапсырыстар мен келісімшарттар жасасу. Мұнда біз компаниялардың халықаралық тапсырыстарға қол жеткізуіне демеу жасаймыз. Келесі жылға үшінші лекті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оған барлық IT-компанияларды қатысуға шақырамыз.
Жеңіс Ермұқанов