Қазақстандық студент волонтерлерге арналған мобильді қосымша жасап шығарды

Қазақстандық студент волонтерлерге арнап мобильді қосымша ойлап тапты. Ол ниет білдірген жандарға өзіне ұнаған жобаны таңдап, ерікті ретінде қызмет етуге көмектеседі. Ал ұйымдарға сол еріктілердің жұмысын реттеуге мүмкіндік береді. Жаңа жүйе волонтерлік жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етіп, еріктілер тарапынан сенімді арттыруға көмектеседі. Оның ішінде әр волонтердің рейтингін көруге болады. Барлық жиналған ақпарат арнайы портфолио ішіне салынады. Артынша, оны көрсету арқылы жұмысқа орналасуға да мүмкіндік бар. Бұл қосымша Қостанай облысында су тасқыны кезінде сәтті сыналып, жақсы нәтиже берді. 

Айта кетейік, жобаны жасауға автор Роман Говако жарты жыл уақытын жұмсады. Қосымша енді-енді жұмысын бастап жатыр. Болашақта дамытып, барлық волонтерлік ұйымдардың жұмысына енгізу жоспарлануда. 

Роман Говако студент, жоба авторы:

– Қосымшаның жүйесі кең ауқымды. Мәселен, Инстаграмдағыдай жүгірме де бар. Оған ұйымдар посттарын сала алады. Негізгі мақсаты шаралар туралы ақпарат жүктеу. Ұйымдар өздерінің өткізейін деп жатқан шаралары туралы ақпарат жариялайды, ал оған еріктілер қатысады. Артынша, бұл шаралар волонтерлік сағат ретінде жиналады. 

Гүлнар Абдулина, жобаның ғылыми жетекшісі: 

– Елімізде бұл қосымшаға балама жоқ десек те болады. Оны жасап шығару үшін барлық ғаламтор ресурстарын шарладық. Сол себепті біздің қоғам осы мобильді қосымша арқылы жұмыс істесе, жақсы болар еді деген ойға келдік.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?