Қ.Тоқаев пен М.Мишустин Қазақ-Ресей әріптестігін дамыту перспективаларын талқылады

Қ.Тоқаев пен М.Мишустин Қазақ-Ресей әріптестігін дамыту перспективаларын талқылады

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесу өткізді. Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысады. Тараптар қазақ-ресей стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылап, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің өткен жылғы қарашадағы Астанаға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Михаил Мишустин алға қойылған міндеттерді іске асыруға дайын екенін растап, екі ел үкіметтік делегацияларының келіссөздерінің нәтижелері туралы айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында Уфада өңіраралық форум табысты өтті. Биыл біз кезекті форумды Қазақстан аумағында, яғни Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың осы форматы нәтижелі болады деп ойлаймын.

Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы:

- Біз үшін өңіраралық форумның берері мол. Ресейдің аймақтары Қазақстанның көптеген облысымен тікелей байланыс орнатқан. Өзіңіз атап өткендей, бұл форматтың маңызы зор, оның тиімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз. Қазақстан – Ресей Федерациясының көршісі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық пен өзара құрметке негізделген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?