Қазақстан мен Латвия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Оның әлеуетін қос тарап Астанада бизнес форум барысында талқылады. Былтыр өзара АӨК өнімдерінің тауар айналымы 51 млн доллардан асқан. Жиынға қатысушылар бұл көрсеткіштің таяу арада бірнеше есеге ұлғаюын болжап отыр. Тараптар тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринария, аграрлық білім беру және салаға заманауи технологияларды енгізу бағыттарында елеулі тәжірибеге ие.
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы
вице-министрі:
- Біз оларға ұсыныс енгіздік, осы
қазақстандық ауыл шауаршылығы өнімдерін Қазақстан жерінде терең өңдеп, соны
Латвия республикасы арқылы, сол елдің порттарын қолдану арқылы Еуропа елдеріне,
басқа да елдерге экспорттау мүмкіндіктерін зерттеу бойынша ұсыныстарды
енгіздік. Қазіргі уақытта олардың жауабын күтудеміз. Егер
қолдап жатса бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайынбыз.
Латвия қазақстандық өсімдік шаруашылығы
өнімдерін Балтық өңірі арқылы тасымалдауға жол ашады. Былтыр
астық транзитінің оң динамикасын қарқын алып, Латвия порттары арқылы
тасымалдаудың жалпы көлемі 750 мың тоннаны құрады. Қазақстан латвиялық кәсіпкерлерге
қолайлы инвестициялық ахуалымен, сондай-ақ Орталық Азия, Қытай және Таяу Шығыс
елдері нарықтарына шығу мүмкіндігімен тартымды.
Янис Ирбе, Латвия Республикасының климат және энергетика министрлігінің
парламенттік хатшысы:
- Тасымал көлемін кеңейтуге екі тарап та
мүдделі. Бұл форумға Латвияның барлық порттарының өкілдері
қатысып отыр. Бұл форум біз үшін аса маңызды, кәсіпкерлеріміз жаңа байланыстар
орнатып, осы форум қорытындысында әріптестік бойынша нақты келісімдер жасалады
деген ойдамыз.

