«Қазақстан - Францияның стратегиялық және сенімді серіктесі». Осындай атаумен Le Figaro басылымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды. Президент бұл материалында әлемдік шиеленістерді реттеу және диалогты қамтамасыз етуде «орта державалардың» маңызды рөлге ие екенін атап өтті. Бұл қатарда Қазақстанда бар. Біздің ел көп жылдар бойы теңгерімді сыртқы саясатты белсенді жүргізіп, әлемдік дипломатияны ілгерілетуге ат салысса қатысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады. Бұл ретте жасыл энергетика, сандық технологиялар мен логистика бойынша француз бизнесімен қарым-қатынасты дамытуды сөз етті. Президент «Орта дәліздің» әлеуетіне жіті тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның орнықты дамуының маңызды мақсаттарының бірі – таза тіршілік көзімен қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін Президент Эммануэль Макронмен бірлесіп «Бір су Саммитін» басқаруға қуанышты екенін атап өтті.