EXPO көрмесіндегі Түркменстанның павильонына 2 млн астам адам келді

EXPO көрмесіндегі Түркменстанның павильонына 2 млн астам адам келді

Жапониядағы EXPO-2025 көрмесінде қанат жайған Түркіменстанның ұлттық павильоны келушілер саны бойынша көшбасшылардың біріне айналды. Экспозиция ашылғаннан бері онда 2 млн астам қонақ қабылданды. Онда елдің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, бай тарихы және мәдени мұрасы көрініс табады. Тың озық шешімдермен ұлттық нақыштағы жәдігерлер үндескен павильонның сәулеті де келушілердің қызығушылығын тудырады. Оның құрылысында экологиялық таза материалдар пайдаланылды. Жапонияның және халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері экспозицияны жоғары бағалады. Павильонға деген мұндай қызығушылық халықаралық мәдени диалогтың маңыздылығын айғақтайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?