Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы қазақстандағы реформаларды қолдады

Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы қазақстандағы реформаларды қолдады

Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және конституциялық реформаларды қолдады. Жазбаша декларацияға 22 депутат қол қойды. Құжатта 15 наурыздағы референдум институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болғаны атап өтілген. Декларация авторлары мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңдестірілген моделін дамыту, есеп беру тетіктерін нығайту, азаматтардың конституциялық сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту бағытын оң бағалады. Сонымен қатар, декларацияда Қазақстанның Еуропа Кеңесімен өзара іс-қимылы атап өтіліп, демократиялық институттар мен заң үстемдігі қағидаттарын нығайту жөніндегі еліміздің күш-жігерін одан әрі қолдауға дайын екендігі айтылған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?