2026 жылға қарай Қазақстанда уран өндіру көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 50%-ке артады. Бұл туралы ұлттық атом компаниясы хабарлайды. Айта кетейік, ағымдағы жылы шикізат өндіру деңгейі шамамен 21,5 мың тоннаны құрады. Айта кетейік, биылғы жылдың он айында Қазақстан шет мемлекеттерге жалпы сомасы шамамен 3 млрд долларға өңделген уран сатқан. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3 есеге көп. Сонымен қатар қазақстандық уран экспортының географиясы да кеңейіп келеді. Егер 2021 жылы уран 8 елге жеткізілсе, өткен жылы бұл тізім 11-ге дейін артты. Экспорттаушы елдердің көшбасында Қытай тұр. Қаңтар-қазан айларында республика аталған елге АҚШ валютасында 923 млн-ға уран жөнелткен. Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіп БАӘ «Барака» атом электр станциясының энергетикалық қажеттіліктері үшін қазақстандық табиғи уран концентратын жеткізу бойынша тарихтағы алғашқы келісімшартқа қол қойды. Құжат екі елдің атом компаниялары арасындағы ынтымақтастыққа жаңаша серпін берері анық.