Мәжіліс депутаттары қант тапшылығын шешудің жолдарын ұсынды

4 ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында әлі дүрбелең тудыруда. Жыл басынан елімізде тәтті өнімнің бағасы 61% қымбаттап, келісінің құны 900 теңгеге дейін жеткен. Оның өзі тапшы. Бүгінде ел бойынша қантқа қажеттілік орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайды. Өзімізде оның тек 10% ғана өндіріледі. Мемлекет тарапынан берілетін тарифтік жеңілдік бойынша елге сырттан тек 350 мың тонна қант әкелінеді. Дегенмен, оның мерзімі 4 ай. Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаевтің пайымынша, бұл өте аз. Халық қалаулысы үкіметке жолдаған сауалында қант тапшылығын шешудің жолдарын ұсынды. 

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

– Кәсіпкерлерге тасымалдау мерзімін 6 айға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру және жоғарыда көрсетілген қанттың жылдық қажеттілігіне сәйкес келтіру үшін тарифтік жеңілдікті 550-600 мың тоннаға дейін арттыруды орынды деп санаймыз.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов