Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы инвестициялық портфелі 7,2 млрд долларға жетті

Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы инвестициялық портфелі 7,2 млрд долларға жетті

Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы инвестициялық портфелі 7,2 млрд долларға жетті. Оған 116 жоба, оның ішінде ағымдағы 2,9 млрд доллардың 43 жобасы кірді. Еліміздің Премьер-министрі халықаралық қаржы ұйымы кеңесінің отырысын өткізді. Жиында банктің былтырғы жұмысы сараланып, ағымдағы қызметінің өзекті мәселелері пысықталды. Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Айта кетейік, аталған қаржы ұйымын құру туралы келісімге Өзбекстан ресми түрде қосылды. Сондай-ақ, жиында Армения, Қырғызстан және Тәжікстандағы бастамаларға инвестициялардың өсуі атап өтілді. Жалпы банк өз қызметінде БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттары қағидаттарын басшылыққа алады. Бүгінде осы бағыттағы жобалардың үлесі 30% асты. Бұл нысаналы көрсеткіштерден 2 есе көп. 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде «Орталық Азияның су-энергетикалық кешені», «Еуразияның көлік негізі», «Еуразиялық тауар өткізу желісі» секілді 3 мегажобаны жүзеге асырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?