Қазақстанда дарынды спортшы балаларға арналған спорттық кешен, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жаттығу орталықтары салынады. Бұл нысандардың құрылысы заңсыз иемденген 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аударудың есебінен жүзеге аспақ. Активтерді қайтару жөніндегі комиссия аталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысты келісімдерді мақұлдады. Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс.
Осы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы басталды.
Жеңіс Ермұқанов