«Есіл таңы – 2024» атты тазылар көрмесі

Астанада түрлі ит тұқымдарының халықаралық көрмесі өтті. Оның аясында тазылар байқауы да ұйымдастырылды. Сарапшылар оларды түр-тұрпатына қарай бағалады. Сондай-ақ, генеологиялық мәліметтерін тексеріп, тұқымын анықтады. Қазақтың асыл тұқымды жануарлары басқа ит тұқымдарына қарағанда ерекше дейді, - мамандар. Жеті қазынаның бірі - тазының аңшылыққа жаны жақын және оларға ызақорлық жат қылық саналады. Айта кетейік бүгінде Қазақстан кинологтар одағында 3 мыңға жуық тазы ресми түрде тіркелген. Халықаралық кинологиялық федерация қыркүйек айында иттердің қазақы ит тұқымын ресми тану туралы шешім қабылдайды деп күтілуде. Ал, көрмеге елімізден және көршілес мемлекеттерден иттер жеткізілді.

Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтар одағының президенті:

- Бұл популяризацияның бір амалы. Сонымен қатар, бұл көрменің шеңберінде елімізде құжатсыз жүрген тазыларды біз тексеріп, стандартқа сай иттерді іріктеп, оларға тиісті құжат - халықаралық құжаттарды береміз.