Канн кинофестивалінде қазақ-түрік фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Канн кинофестивалінде қазақ-түрік фильмінің әлемдік премьерасы өтті

77-ші Канн кинофестивалінде қазақ-түрік фильмі таныстырылды. Қос елдің  киноөндіріс майталмандары бірігіп таспалаған оқиғалар желісі көрерменін адамның жан дүниесіне терең бойлатып, адамгершілік қасиеттерге негізделген қарым-қатынастардың қызығына бөлейді. Ол үшін ұлт пен жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдай еш кедергі болмайтыны нақты мысалдармен жеткізіледі. 

Басты рөлдерді танымал түрік актрисасы Янна Рай мен туындыға өзі режиссерлік еткен қазақстандық киногер Төлепберген Байсақалов сомдады. Ортақ еңбектің негізгі көріністері Ыстамбұл маңындағы Қара теңіз жағалауы және еліміздегі ауылдардың бірінде түсірілді.

Картинаны күзде Қазақстандық прокатқа шығару жоспарланған.