Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы жарияланды. Жарысқа 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты. Грант сомасы – 350 000 теңге.
Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік проблемасын шешуге арналған және инновация, ғылым, спорт тағы басқа бағыттар бойынша қабылданатын болады. Байқау үшінші жыл қатарынан іске асырылуда. Мақсаты – волонтерлар мен волонтерлік ұйымдардың бастамаларын қолдау. Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 22 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.
Автор: Данагүл Біләлова